Eleganza 4 кереуеті – бұл жансақтау және қарқынды терапия бөлімдері үшін арнайы жасалған көп функциялы электржетекті кереует. Кереует төсегі әртүрлі жабдықты пайдалануға мүмкіндік береді. Кереует жылдам манипуляция үшін кіріктірілген басқару пультімен жабдықталған, соның арқасында кез келген күтімді жүзеге асыруға және пациенттердің барлық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге болады.
Бүйірлік жақтауларға кіріктірілген қарапайым басқару тақтасының арқасында медбике кереуеттің барлық функциялары мен баптауларына қол жеткізе алады. SoftD-op технологиясы пациентке толық қол жетімділікті қамтамасыз етеді, бұл күш пен уақытты үнемдеумен қатар, кіріктірілген басқару элементтерінің арқасында манипуляция жүргізуді жеңілдетеді.
Mobi-Lift тұтқасы LINET кереуеттерінің ерекшелігі болып табылады. Ол пациентті отырғызып-тұрғызған кезде сенімді тірек ретінде қолданылады. Жоғары немесе төмен түймелерін пайдаланып, пациент оңай тұруды қамтамасыз ету үшін кереуетті өз ыңғайына қарай реттей алады.
Басқару тақтасы қол жетімді және оңай басқарылады. Көптеген позициялау функциялары мен төтенше жағдайлар функциялары бір түймені басу арқылы реттеледі. Медбике кез-келген жағдайда қажетті шараларды тез, қарапайым және қауіпсіз түрде қабылдай алады.