EOBO-10 бір реттік биологиялық қорғаныс жиынтығы биологиялық агенттерге, сұйық химиялық заттарға (және қысыммен), сұйық аэрозольдерге, ауадағы қатты химиялық және радиоактивті бөлшектерге қарсы бір реттік қолдануға арналған. Жинақты дезинфекциялау және залалсыздандыру оңай.
Бір рет қолданылатын биологиялық қорғаныс жиынтығы комбинезоннан, көзілдіріктен, қолғаптан, бахилалардан (аяққап) және қорғаныс маскасынан тұрады. Пайдаланушының жеке қорғанысын, IIIB класының қорғаныс деңгейін қамтамасыз етеді.
Жеткізу жинағы:
Киіну тәртібі
Капюшонсыз комбинезонды киіп, «сыдырманы» бекітіңіз.
Шұлық-бахилаларды тікелей аяқ киімнің сыртынан киіңіз де, бекіткіш ленталарын байлап, комбинезонның балақтарын тартып кигізіңіз.
Қорғаныс маскасы мен қауіпсіздік көзілдірігін олар бетіңізге етене жанасып тұратындай киіңіз.
Комбинезон сыдырмасын соңына дейін бекітіңіз, планкадағы қорғаныс жолағын біртіндеп шығарыңыз да, онымен сыдырманы мықтап жабыңыз.
Алдымен жұқа латекс қолғаптарын, содан кейін жоғарғы нитрилді қолғаптарды киіңіз. Оларға комбинезон жеңдеріндегі резеңкелерді тартып киіңіз де, жеңін бас бармағыңызға ілінген ілмекпен бекітіңіз.
Костюмді қолданар алдында пайдаланушыға нұсқау беріліп, ол қолданыстағы қауіпсіздік пен гигиена нормаларын сақтауы тиіс.
Костюм киген кезде басқа адамның көмектескені дұрыс.
Костюмді шешу
1. Залалсыздандыру. Залалсыздандыру кабинасы арқылы өткен кезде костюм залалсыздандырылып, бетінен қауіпті заттар шығарылады.
2. Басыңыздан комбинезонның капюшонын шешіп, сыдырмадағы қорғаныс планкасын алып, сыдырманы ағытыңыз. Содан кейін комбинезонды денеңіздің жоғарғы жағынан тартып шешіп, оны бірден сырт жағын ішке қарай айналдыра бүктеңіз. Сол сияқты, шешкен кезде де комбинезонның төменгі жағын теріс айналдырыңыз.
3. Шұлық-бахилалар. Бахиланың таспалы бауын босатып, зақымдалған бетін бірден ішке қаратып, теріс жағына айналдырып шешіңіз.
Нитрилді қолғап. Жасыл қолғапты бір қолыңыздан білегіңізден саусақтарыңызға қарай айналдыра орап шешіңіз. Мұны жасыл қолғап киюлі тұрған екінші қолыңызбен жасаңыз. Дәл осы қолыңызда шешілген оралған қолғапты қалдырыңыз. Екінші қолыңыздағы қолғапты да сол әдіспен шешіңіз де, екі жасыл қолғапты бір түйірге біріктіріп ораңыз. Бұл жағдайда қолыңызға төменгі латекс қолғабын киіңіз.
5. Қауіпсіздік көзілдірігі. Қауіпсіздік көзілдірігін шешіңіз.
6. Қорғаныс маскасы. Қорғаныс маскасын қолыңызбен жоғары көтеріп шешіңіз.
7. Латекс қолғаптары. Жасыл нитрилді қолғап шешкен әдіспен шешіңіз.
Бір рет қолданылатын костюмнің барлық пайдаланылған бөліктерін PE пакетіне салыңыз.
Назар аударыңыз! Бұл костюмнің белгілі бір ортада пайдалану жарамдылығын соңғы пайдаланушы өзі анықтауы керек. Жеткізуші костюмді өзіне жарамсыз ортада пайдаланғаны үшін жауап бермейді.
Залалсыздандыру
Бір рет қолданылатын қорғаныс костюмдерін әдеттегі залалсыздандырғыш құралдармен, мысалы, 2% хлорамин ерітіндісімен немесе 0,5% перстерил ерітіндісімен дезинфекциялауға/залалсыздандыруға болады, бұл ретте химреагенттердің қолданылу мерзімі химагенттің түріне байланысты. Сұйық ерітінділер мен суды қолданған кезде, сұйықтық қорғаныс костюмінің астына ағып кетпейтіндей дезинфекциялау және шаю процесінің «жоғарыдан төменге», яғни басынан аяғына дейінгі бағытты сақтау керек.
EOBO-10 қорғаныс костюмін пайдалану:
шамадан тыс физикалық шаршау немесе психикалық стресс жағдайында да зарарлы аймақтағы жұмысты тоқтату қажет
биологиялық агенттермен зақымданған аймақта костюм киіп жұмыс істеген кезде, оны дезинфекциялау немесе зарарсыздандыру жүргізілгенге дейін шешуге тыйым салынады.
қолданғаннан кейін қорғаныс костюмін жақсылап тазалап, қайтадан залалсыздандырып, кәдеге жаратуға тапсыру керек.
пайдалану шарттары – қоршаған ортаның температурасы – -10 °C-тан + 30 °C-қа дейін, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы – 75% - дан төмен.
Қорғаныс костюмін келесі жағдайларда қолдануға болмайды:
Сақтау шарттары
Қорғаныс костюмін тікелей күн сәулесінен/ультракүлгін сәулеленуден қорғалған құрғақ қойма бөлмелерінде +5 - + 25 °C температурада құрғақ картон қораптарда сақтаңыз. Сақтау шарттары сақталса, комбинезондар 10 жыл бойы өздерінің физикалық қасиеттерін жоғалтпайды.