EGO zlin «ES» – жуылатын вакуумдық шиналары

Науқасты бекіту құралдары
ES вакуумды бекіту шиналары сүйек сынғанда, буын және бұлшықет зақымданғанда науқастың жарақаттанған аяқ-қолдарын бекітуге арналған.
Өнім туралы
Сипаттамалары

Өнім туралы

Вакуумдық бекіту шиналары (иммобилизациялық) – бұл жұмсақ иммобилизациялауды және денені қажетті күйде бекітуді қамтамасыз ету үшін бірнеше рет қолданылатын құралдар. Олардың функционалдық принципі салмағы мен өлшемдері дәл анықталған жабық қаптамада қолданылатын сусымалы материалдың тамаша модификацияланып, кез-келген қажетті қалыпта жеке дене пішінін алуға қабілеттілігін ескере отырып, сығымдалған материалдардың морфологиясына негізделген.

Бекіту шинасына қажетті пішінді бергеннен кейін, ішіне сусыма материал салынған шинадан ауа сорылады, бастапқыда сусыпалы полимер қатайып, дененің мінсіз дерлік, ықшам контурын қалыптастырады (гипс салуға ұқсас әрекет). Осындай күйде пациент соңғы емдеу орнына жеткізіледі, онда оны тіпті бекітілген күйінде рентгенге түсіре алады, өйткені бұл бекіту құрылғылары рентген сәулелерін тамаша өткізеді.

Зақымдану дәрежесі анықталғаннан кейін вакуумды шинаға ауа беріліп, полимерлі толтырғыш қайтадан сусымалы күйге ауысады да, пациент тағайындалған медициналық емшараларды қабылдай алады. Бұл бекіту құралдарын бірден қайта пайдалануға болады.

Жедел медициналық көмек көрсету кезінде дененің зақымдалған бөліктерін вакуумдық бекіту құралдары қолдануға оңай әрі ыңғайлы және оларды бірнеше рет қолдануға болады. Бұл зардап шеккендерді тасымалдау үшін иммобилизацияның ең жылдам және ізгі әдісі.

Артықшылықтары:

  • қанның дұрыс айналымына кедергі келтірмейді, өйткені қатты бекіту кезінде артық қысым болмайды;
  • пайдалануда ыңғайлы және жылдам;
  • науқастың кез келген жеке дене пішінін қабылдайды;
  • тамаша жылу оқшаулауды қамтамасыз етеді;
  • тазалау оңай, дезинфекциялау кезінде қарапайым жуғыш заттарды қолдануға болады;
  • көп реттік қайта қолдану;
  • өндірісте қолданылатын материал – бұл пластикалық материалмен қапталған жоғары сапалы мата.

Сипаттамалары

  • ES-10 – вакуумдық қол шинасы – 670 × 340 мм, 500 г;
  • ES-11 – вакуумдық аяқ шинасы – 1000 × 680 мм, 1500 г;
  • ES-12 – «S» табан тіреуіші бар вакуумдық шина – 90 × 54 мм, 1100 г;
  • ES-13 – мойынға арналған вакуумдық шина – 650 × 200 мм, 300 г;
  • ES-14 – балаларға арналған вакуумдық қол шинасы – 540 × 320 мм, 450 г;
  • ES-15 – балаларға арналған вакуумдық аяқ шинасы – 730 × 540 мм, 1000 г;
  • ES-16 – «L» табан тіреуіші бар вакуумдық шина – 1300 × 680 мм, 1900 г;
  • ES-30 – тасымалдау сөмкесі бар шиналар жиынтығы (ES-10, ES-11, ES-13, ES-20, ES – 21, ES-22) – 850 × 380 × 190 мм, 3700 г;
  • ES-33 – рюкзактармен қамтылған шиналар жиынтығы (ES-10, ES-11, ES-13, ES-20, ES-23, ES-22) – 600 × 550 × 170 мм 3800 г.
Посмотрите другие товары из этого раздела