Сүзгіленген ауа берілетін ЕВО-10 биологиялық және химиялық қорғаныс костюмі өз пайдаланушысына қатерлі биологиялық агенттер, химиялық және адам денсаулығына зиянды заттар қаупі бар ортаға кіруге мүмкіндік береді. Ішкі кеңістігі – қорғаныс костюмінің ішінде орналасқан белдікке бекітілген сүзгілі-желдеткіш қондырғысымен берілетін оң ауа қысымымен қорғалған.
Сүзгілі-желдеткіш қондырғысымен (СЖҚ) жабдықталған ЕВО-10 биологиялық және химиялық қорғаныс костюмі медициналық қызметкерлерді аса қауіпті инфекциялардан (АҚИ), соның ішінде COVID-19 немесе Эбола қызбасынан; бактериялардан (EN 14126 нормаларына сәйкес биологиялық қорғаныс) және химиялық қауіпті агенттерден (EN 943-1 нормаларына сәйкес химиялық қорғаныс) қорғау үшін арналған.
EBO-10 қорғаныс костюмі бүкіл әлемде, әскери (химиялық соғыс) және азаматтық секторда қолданылатын, химиялық, биологиялық, радиоактивті және ядролық қорғаныс (ХБРЯ) саласындағы сүзгілі-желдеткіш қондырғыларын пайдалана отырып, мамандандырылған материалдарды, конструкцияларды, қорғаныс көлік құралдарын әзірлеуде көп жылдық тәжірибесі бар EGO Zlin және ECOPROTECT компанияларының бірлескен зерттеулері мен әзірлемелерінің нәтижесі болып табылады.
Костюм материалы:
Стандарттарға сәйкестік: