Bilisphere 360 LED фототерапия қондырғысы жаңа туылған нәрестелерде денесінің бүкіл бетіне сәуле түсіру арқылы гипербилирубинемиясын емдеудің тиімділігін арттыру үшін арнайы жасалған.
NovosoftTM жасанды интеллекті ThermoelevationTM жүйесі арқылы желдету және жылуды біркелкі тарату арқылы баланың айналасындағы тұрақты температураны сақтайды.
Bilisphere 360 LED параметрлері мен дабылдарының жақсы көрінуін қамтамасыз ету үшін көз деңгейінде орналасқан сандық дисплеймен жабдықталған. Екі терезе баланың жағдайын көзбен бақылауға мүмкіндік береді. Жаңа туылған нәрестеге оңай қол жеткізу алдыңғы панельдің арқасында қамтамасыз етіледі.
Жаңа туылған нәресте үшін ыңғайлы
Фототерапия сеансы үшін жаңа туылған нәресте кювездің ішінегі жарық өткізетін гамакта терісіне жарық ағыны біркелкі таралатындай орналастырылады. Гамак аймағында жаңа туылған нәресте үшін ауа мен температура датчиктері арқылы бақыланатын арнайы температура сақталады. Аппараттың ішінде бала өзін жөргекте және жарық көзді тітіркендірмейтіндей көзілдірікте жағажайда жатқандай өте жайлы сезінеді.
Артықшылықтары: