Сұйық мөлшерлеу мен EcoDry функциясы және PG 8583 CD (WW AD CM) өткізгіштік өлшегіші бар тазартылған суға қосылатын PG 8583 (WW AD LD) жуу және дезинфекциялау аппараты:
- өнімділік/цикл, мысалы, 128 зертханалық шыны сауыттар. Сондай-ақ, бір циклде, мысалы, 98 тамшуырды басқа зертханалық ыдыстармен бірге өңдеуге болады;
- жылдамдығы реттелетін DryPlus ыстық ауамен тиімді кептіру функциясы. Жеке бағдарламаларда сорғының жылдамдығы және осылайша жуу қысымы белгілі бір талаптарға сәйкес реттеледі – жоғары қысым тұрақты ластануды кетіруді жеңілдетеді, ал төмен қысым барлық тазартылатын заттардың толық сулануына кепілдік береді. Нәтижесінде, оңтайлы жуу қысымын үнемі қамтамасыз ете отырып, су мен энергияны тұтыну айтарлықтай төмендейді;
- қауіпсіздік – жуғыш пен күйенте қысымын, өткізгіштікті бақылау. Өңделетін бұйымдарды сапалы дайындауға бүріккіш пен күйенте-бүріккіштердің қысымын үнемі бақылау арқылы қол жеткізіледі, соның арқасында бүріккіштегі қысымның төмендегінін немесе өңделіп жатқан материалдың бұғатталғанын бірден анықтауға болады. Бұдан басқа, судың берілген электр өткізгіштігінен, атап айтқанда, соңғы шаю кезінде кез-келген ауытқуларды анықтау қамтамасыз етіледі;
- ыстық ауамен тиімді кептіру – DryPlus. DryPlus ыстық ауамен кептіру функциясы іші қуыс құралдарға немесе мойны тар зертханалық шыны ыдыстарға арналған тамаша шешім болып табылады. Алдын ала қосылған H14 класындағы HEPA сүзгісі бөлмедегі ауадан қалқыма бөлшектердің кіруіне жол бермейді. Сүзгіге қол жеткізу жылжымалы бөлім арқылы жүзеге асырылады.
- кешенді қауіпсіздік – процесті құжаттау мүмкіндігі. Технологиялық процесті құжаттауға арналған қосымша модуль коммуникациялық қосқыш арқылы қосылады. Ethernet модулі бағдарламалық жасақтама арқылы құжаттау үшін қолданылады. RS 232 модулі деректерді USB немесе принтер арқылы беру арқылы құжаттау үшін пайдаланылуы керек.