«Орион» СК-36 озон стерилизаторы көптеген жылдар бойы мінсіз жұмыс істей отырып, медициналық тәжірибеде өзін жақсы танытты. Дегенмен, бұл модельде сапалы өзгерістер орын алды, атап айтқанда, тығыздық, сондай-ақ камера есігінің құлыптан босату-құлыптау жүйесі жетілдірілді.
Жақсартылған аэродинамика камераның озон-ауа қоспасымен біркелкі толтырылуын қамтамасыз етеді және қуыс құралдардың зарарсыздандырылуына кепілдік береді. Тартпалы сөрелер аспаптың алып-шығарылуын жеңілдетеді. Зарарсыздандыру камерасы 36 л (тікбұрышты пішінді), 2 жұмыс сөресі.
Қолдану саласы
Хирургия, микрохирургия, пластикалық хирургия, травматология, ортопедия, гинекология, акушерлік, неонатология, педиатрия, балалар клиникасы, урология, проктология, гастроэнтерология, күйік клиникасы, дерматология, венерология, косметология, көз клиникасы, стоматология, туберкулез клиникасы, «ЖИТС-инфекция», әскери экстремалды медицина, эндоскопия, лапароскопия (диагностика – хирургия), емхана – оңалту, санаторлық емдеу, клиникалық зертхана, фармацевтика өндірісі.