Бұл камераның аналогтарға қарағанда бірқатар артықшылықтары бар:
- белгіленген параметрлерді, ұстау уақытын, объектілерді дезинфекциялауды, жаңа буынның отандық микропроцессоры қолданылған бу түзгішке су құюды индикациялай отырып, автоматты және қолмен басқару;
- камераның жұмыс көлеміндегі температура мен ылғалдылықтың біркелкі таралуы;
- камераның пайдалы көлемін сақтай отырып, габариттік өлшемдер мен жалпы массаны азайту. Стандартты есік қуысы бар бөлмелерде орнату мүмкіндігі;
- «Кептіру» режимі бар – залалсыздандырылған заттар дезкамерадан құрғақ түрде шығарылады;
- электр энергиясы мен суды тұтынудағы үнемділік.
- дезкамераның жұмыс процесі қосылған сумен жабдықтау жүйесінің көмегімен де, автономды түрде де мүмкін. Автономды жұмыс үшін көлемі 30-50 л болатын жинақтаушы-резервуар қарастырылған (негізгі жиынтыққа кірмейді);
- барлық құрамдас бөлшектер мен материалдар – отандық өнім және бұл кейінгі пайдалануды жеңілдетеді;
- Гигрохронды, температура мен ылғалдылықты тіркейтін электрондық өздігінен жазғыш құралды қосымша орнату мүмкіндігі;
- дезинфекциялау объектілеріне арналған алты алынбалы сөрелер мен ілгіштер бар;
- қол жетімді және аналогтармен салыстырғанда пайдалану оңай.